«Арселор Миттал Темиртау» АҚ кәсіпорны аумағынан реактивті снарядтар мен миналар, ірі оқпанды оқ-дәрілер табылды

«Арселор Миттал Темиртау» АҚ кәсіпорны аумағынан реактивті снарядтар мен миналар, ірі оқпанды оқ-дәрілер табылды

АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында «Арселор Миттал Темиртау» АҚ кәсіпорнына қарасты бөлу-тарату стансысының темір жолы бойынан реактивті снарядтар мен миналар, ірі оқпанды оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Кеше Қарағандыдағы Октябрь ауданында орналасқан «Арселор Миттал Темиртау» АҚ-ның кәсіпорнының теміржол шолғыншылары реактивті снарядтар мен миналарды, ірі оқпанды оқ-дәрілерді тауып алды.

Оқиға орнына келген ІІБ қызметкерлері «олжаның» жаяу әскерлер машинасының үш реактивті снаряды, бір жаяу әскерге қарсы мина, сонымен қатар оқпандары 76-100 мм болатын үш ату жарақтары, 122-152 мм оқпанды екі ату жарақтары екендігін анықтады. Барлық ату құралдарының дүмпіткіштері болмаған.

Аталған жарақтар жойылуға жіберілді.