«АрселорМиттал Теміртау» комбинатында жұмысшы қаза болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатында жазатайым оқиға салдарынан жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АрселорМиттал Теміртау» комбинатында жұмысшы қаза болды

«Дүйсенбі, 9 сәуір күні МНЛЗ-2 конвертерлік цехындай оқыс оқиға орын алды. Соның салдарынан 1973 жылғы компания қызметкері қаза тапты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Кәсіпорын ұжымы қаза тапқан азаматтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - деді «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының ресми өкілі Алексей Агуреев.

Қаза тапқан жұмысшының әріптестерінің сөзіне қарағанда, автокран ауыр жабдықты жоғары көтерген. Алайда, арқан үзіліп кетіп, жерге құлаған жабдық жұмысшыны жарақаттаған.