«АрселорМиттал Теміртау» шаң тазартқыш қондырғыларды жаңартуға 330 млн теңге бөлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» агломерация цехында 330 млн теңге тұратын шаң тазартқыш қондырғыларды қайта жаңарту жобасын іске асырмақ, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты .

«АрселорМиттал Теміртау» шаң тазартқыш қондырғыларды жаңартуға 330 млн теңге бөлді

Компанияның баспасөз қызметі құрылыс-монтаж жұмыстары алты ай жүргізілетінін мәлім еткен. Жұмысты атқару үшін жергілікті мердігерлік ұйымдар тартылатын болады.

"Аспирациялық жүйені қайта жаңарту барысында ауаны 99,9 % дейін тазалау дәрежесімен қазіргі заманғы жоғары тиімді құбырлы сүзгі орнатылады. Қайта жаңарту жүргізу Теміртау қаласының экологиялық ахуалына оң әсерін тигізеді және металлургтердің еңбек жағдайын анағұрлым жақсартуға мүмкіндік береді", - деді компанияда. Бұл кәсіпорынның аглофабрикада шаң тазартқыш қондырғыларды бірінші ауыстыруы емес.

Биыл жаңа қондырғы жүк ауыстырып, тиейтін екі торапта орнатылды.