«АрселорМиттал Теміртауда» апат болды

None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртаудың» өндіріс мекемесінде апат болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2022 жылдың 26 ​​ қарашасында №3 әзірлемелерді үздіксіз құю машинасының (ӘҮҚМ) болат шөміш қақпасына металдың төгілуі орын алды.

«Технологиялық персонал төтенше жағдайда қажетті барлық процедураларды орындады. Металл арнайы шұңқырға құйылды. Конвертер цехы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ӘҮҚМ-3-ті сынақтан өткізу және іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

Компания өкілдерінің айтуынша, апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, 3 қарашада осы компанияға қарасты Көмір департаменттің Ленин атындағы шахтасында метан газының жарылысы болып, 5 кенші қаза болған еді.

Видео: EGOV.PRESS


Соңғы жаңалықтар