«АрселорМиттал Теміртау» қайтадан «Қармет» деп аталуы мүмкін

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының атауын ауыстыру жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

Қанат Шарлапаев
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

«Компанияның ребрендингін жаңа инвестор нақты бекітеді. Біздің пікірімізше, бұрынғы тарихи „Қармет“ атауын қайтару қажет. Мұны қызметкерлер мен тұрғындар да қолдайды деп ойлаймын», — деді Қанат Шарлапаев Үкіметте өткен брифингте.

Айта кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мемлекет меншігіне қайтару келіссөздері аяқталды. АМТ екі кәсіпорнының құны 286 млн долларға бағаланған.

Жаңа инвестор — қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев. Ол 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Allur Group» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы, оның құрамында «Агромашхолдинг» және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС бар.

Сондай-ақ, «АрселорМиттал Теміртау» «Қазақстан халқына» қорына 16 млрд теңге қайырымдылық қаржы аударады. Бұл қаражаттың 50 пайызы Теміртау қаласына және қалғаны Қарағанды облысын дамытуға жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар