«АрселорМиттал» Теміртаудан кете ме – Қанат Шарлапаевтың жауабы
Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртаудың» орнына басқа инвестор әкелу қаншалықты мүмкін екені туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Инвесторды ауыстыру – бұл бір инвестордың өз орнына басқа инвесторды әкелу еркі. Біреу кетіп, өз үлесін басқа бір тұлғаға беру керек. Бұл жағдайда әгіме мынандай. Мемлекет жұмыс істеп жатқан тосын жайттар жетерлік. Осы жұмыстар біткен кезде кәсіпорынға сол жұмыстардың қорытындысының әсері болады деп ойлаймын», - деді ол.
Министр инвестор Қазақстанда жұмыс істегісі келсе, заңдарға бағынуы керектігін атап өтті.
«Жауапкершілік тұрғысында елімізде көп дүние жасалып жатыр деп ойлаймын. Адамдар қазасына байланысты қылмыстық істер қозғалды, құзырлы органдар тергеп, тексеріп жатыр. Бұрын болған дүние туралы пікір білдіре алмаймын. Жақында адам қазасы тіркелген тосын оқиға бойынша қозғалған іс қазір тергеу сатысында тұр. Тергеу барысына пікір білдірмеймін», - деді Қанат Шарлапаев.