Арсен Бақберген Жамбыл облысы жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы болып тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментінің жаңа басшысы болып Арсен Бақберген тағайындалды.
Ол жер ресурстарын басқару саласында бірнеше жылдан бері еңбек етіп келеді. Бұған дейін облыстық департамент басшысының орынбасары қызметін атқарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің орталық аппаратында жұмыс істеген.
Арсен Бақберген ресми тағайындалғанға дейін департамент басшысының міндетін уақытша атқарды.
Ол 2025 жылы «Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау» бағыты бойынша Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысты.
Еске салайық, бұған дейін Сәкен Әтел Су ресурстары және ирригация министрлігі Стратегиялық дамыту департаменті директоры болып тағайындалғанын хабарлаған едік.