«Арсенал» ойыншылары тақия киіп, қазақ елін Наурыз мерекесімен құттықтады - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англияның "Арсенал" футбол клубының ойыншылары барша қазақ халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Baistars.kz хабарлайды.
Әлемге танымал атақты футболшылар қазақтың ұлттық бас киімі - тақияны киіп, қазақ тілінде елге сәлем жолдады.
Айта кетейік, «Арсенал» ағылшынның кәсіби футбол клубы, базасы солтүстік Лондонда орналасқан. Премьер-лигада ойнайды әрі Англияның мықты командаларының бірі болып саналады. 13 рет чемпион болып, 10 рет Англия Кубогын жеңіп алған.
Сонымен қатар, клуб Англияның жоғарғы дивизионында маусымдық ойындардың есебі бойынша рекордшы саналады.