«Арсенал» жаңа ойыншыларға 100 млн. еуродан астам қаржы төлеуге дайын
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Арсенал» командасының жетекшілері жаңа ойыншыларға 122 миллион еуро жаратуға дайын, деп хабарлайды Sports.ru.
Бұл қаржыға төрт ойыншы: Антуана Гризманн ("Реал Сосьедад"), Юлиана Дракслер ("Шальке"), Ларса Бендер ("Байер") және Морган Шнайдерлинді ("Саутгемптон") алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, ақша Бакари Санья мен Томас Вермаленмен арадағы келісімшартты ұзартуға да жұмсалмақ.
Еске сала кетсек, «Арсеналдың» Англия премьер-лигасында көш бастап келе жатқан «Ливерпульдан» әзірге жеті ұпайы кем, төртінші орында келеді.