«Арсеналмен» кездесуге бара жатқан «Бавария» автобусы көлік апатына тап болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Лондонда шағын жол көлік оқиғасы орын алды. «Бавария» футбол клубының ойыншылары мінген автобус Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің үшінші туры аясында «Арсеналмен» кездесуге бара жатып, көлікпен соқтығысып қалды.
None
None

Абырой болғанда, көлік соққысы соншалық қатты болған жоқ, сондықтан да ешкім зардап шекпеген.

Болған оқиғаға қарамастан «Арсенал» - «Бавария» матчы санаулы уақыт бұрын басталды, деп жазады planet-today.ru.

Соңғы жаңалықтар