Аршалы ауданының бес ауылында судан қауіп бар

Аршалы
Фото: Оралхан Қожанов/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты ауылдардан қар суы үздіксіз сыртқа шығарылып жатыр. Бұл ретте, аудан әкімдігі қар суынан айтарлықтай қауіп жоқ екеніне сендірді. Агенттік тілшісі Жібек жолы ауылындағы су тасқынының алдын алу шараларының барысымен танысып қайтты.

Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Ержан Жолымбетовтің айтуынша, Жібек жолы ауылында 3 шағын аудан қауіпті ретінде тіркелген.

«Бүгінде 18 ассенизатор көлігі және 7 мотопомпа жұмылдырылып, облыстан 25 төтенше қызметкері тартылды. Бұл ауылда 11200 адам тұрады. Су басу қаупі бар 20 үй бақылауға алынды», - дейді Е.Жолымбетов.

Жалпы, аудан бойынша Аршалы, Жібек жолы, Жалтыркөл, Елтоқ және Константиновка ауылдары су басу қаупі бар елді мекендер ретінде тіркелген.

Соңғы жаңалықтар