Аршалыда кәсіпорын иесі басқа қаладан келген үш адамды күштеп жұмысқа жеккен
Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қыркүйектің 19-24 аралығында өңірде «Стоп-трафик» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, оның аясында полиция қызметкерлері қонақ үйлер мен ойын-сауық мекемелерін, монша кешендерін және еңбек және жыныстық пайдалану фактілерін анықтау ықтималдығы жоғары басқа да объектілерді тексерді.
«Бұған дейін Аршалы полициясының кезекші бөліміне Константиновка ауылында жергілікті тұрғын бірнеше адамды заңсыз күштеп ұстап, кәсіпорында жұмыс істеуге мәжбүрлейтіні туралы хабарланды. Айтылған жерге барған жедел-тергеу тобы 9-14 қыркүйек аралығында қаскөй екі серіктесімен бірге Нұр-Сұлтан қаласында табыс іздеп жүрген адамдарға жалдамалы жұмыс ұсынғанын анықтады. Кейін қаскөй елордалықтарды кәсіпорын аумағына Аршалы ауданының Константиновка ауылына алып келген», - деді ведомстводан.
Тескеріс кезінде серіктестік аумағында 20-дан астам жұмысшы болғаны анықталды, оның үшеуі - 39-дан 53 жасқа дейінгі ер адамдар.
Қостанай, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары 14 қыркүйектен бастап ЖШС аумағында заңсыз ұстау фактісі бойынша шаралар қабылдау туралы полицияға жүгінді.
«Қылмыс қорқыту және зорлық-зомбылық жасау арқылы жасалғаны анықталды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 128 бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Одан әрі тергеу шаралары жүргізілуде», - деп толықтырды полиция.