Аршалыда жол апатынан екі автокөлік аударылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Аршалы ауданында екі автокөлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

«Оқиға бүгін түсте Теміртау бағытындағы Аршалы ауданының жанында болды. Volkswagen жүк тасымалдау көлігінің жүргізушісі алда келе жатқан Hyundai автокөлігне соғылды. Қатты соққыдан екі көлік екі жаққа аударылды. Hyundai автокөлігіндегі жолаушы әйелдің жамбас сүйегі сынып, Аршалы аудандық ауруханасына жеткізілді. Жүргізушілерге медициналық көмек қажет болған жоқ» - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Алдын ала болжам бойынша, Volkswagen жүк тасымау көлігінің рөлінде ақау болған.

Соңғы жаңалықтар
telegram