Артемьев кенішінде жазатайым оқиға болды

ӨСКЕМЕН. 29 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысына қарасты Шемонаиха ауданындағы Артемьев кенішінде қайғылы оқиға болды. Жазатайым оқиғаның салдарынан машинистің көмекшісі мерт болды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар ведомствосынан.

Артемьев   кенішінде  жазатайым  оқиға болды

Ұңғы бұрғылау кезінде анкер болттарының арасына тау жынысы құлап кетіп, төтенше оқиға болған. Соның салдарынан 1977 жылы туған машинист көмекшісі ауыр жарақаттан қайтыс болды. Қайғылы оқиға 27 қаңтар күні түнде орын алған.