«Артем» мен «Big Шанхайда» санитарлық талаптар сақталмаған - мониторинг тобы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Артем» және «Big Шанхай» базарларында санитарлық-эпидемиологиялық нормалар бұзылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, Нұр-Сұлтанда карантин шаралары біртіндеп алынғаннан кейін, ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, фитнес-орталықтар, сұлулық салондары және басқа да шағын және орта бизнес нысандары қызметін қайта бастады.

Апта ішінде әкімдік, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдерінен құралған елордалық мониторинг тобы кәсіпкерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы бойынша рейдтер өткізді.

Сенбі күні полиция қызметкерлерінен және Байқоңыр ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдерінен тұратын мобильді топ базарларда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қадағалады.

Мониторинг барысында «Артем» және «Big Шанхай» базарларында әлеуметтік қашықтық пен маска тағу тәртібін бұзу жағдайлары анықталды. Сондай-ақ барлық бөлімдер мен бутиктерде санитайзерлер мен термометрия орнатылмаған. Кейбір бутиктерде әлеуметтік қашықтық сақтауға мүмкіндік жасалмаған.

Анықталған ереже бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың 425 бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жаза қолданылады.

Жалпы алғанда, 5 шілдеден бастап ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша 863 ереже бұзу жағдайлары анықталды. Оның 236-сын жеке тұлғалар, 627-ін кәсіпкерлік субъектілері жасаған. Барлық жиналған материалдар бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тиісті шешім шығарады.

Қоғамдық орындарда адамдар қашықтық сақтап, маска тағып, санитайзер қолдануы керек.



Соңғы жаңалықтар
telegram