Артем Захаров Чехияда тректегі велоспорттан халықаралық турнирде жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат – Тректегі велоспорттан Қазақстан командасы көшбасшыларының бірі Артем Захаров Прагада (Чехия) GP Framar халықаралық турнирінде жеңімпаз болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Артем Захаров омниумде алтын медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ, турнирде Руслан Елубаев скретчте төртінші болып келді.
Ұпай бойынша топтық жарыста Артем Захаров – төртінші, ал Рамис Дінмұхаметов алтыншы орын алды.