Арти Пелулло: Головкинмен жекпе-жек ұйымдастыру туралы айтқанымда Вилли кірпігін де қаққан жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кіші Вилли Монро промоутері Арти Пелулло RingTV-де Геннадий Голвкинмен жекпе-жек ұйымдастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды sports.
- Виллиге Головкинмен кездесу жайында айтқанымда, ол кірпігін де қақпады. Көпшілігі онымен айқасқа шығудан тартынады. Ал Вилли болса, «жекпе-жекке шығамын» деді. Мен ол үшін және осы жекпе-жекті ұйымдастыруға мүмкіндік алғаным үшін өте қуаныштымын. Геннадий Головкин - тамаша жігіт әрі нағыз чемпион.