Әртістер Астананың шеткі аудандарының бірін де қалдырмай араламақ

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - «Астана-Шаттық» шығармашылық автокеруені қаланың шеткі аудандарынан өтеді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан әр шараның өзегінде мақсат-міндеті мен тұжырымдамалық идеясы бар.

Әртістер Астананың шеткі аудандарының бірін де қалдырмай араламақ

Айталық, 2010 жылы ұйымдастырылған шығармашылық автокеруен «Астана - тоғыз жолдың торабы» ұранымен өткізілді.

2012 жылғы автокеруеннің негізгі арқауы - «Қазақстан жетістігі - жас Астана». Концерттік бағдарлама қатысушылары қатарында қазақ эстрада жұлдыздарымен қатар талаптанған жас әншілер,  әртістер, би ұжымдары бар. Дәстүрлі автокеруен көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлайтын абыройлы алаңға айналды.

Автокеруен бағдарламасы еңбектеген баладан еңкейге кәріге дейін талғамынан шығуға бағытталған жүйелі жоба. Қала шетіндегі кішігірім аудандарда қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуының өзі бағдарламаның салмағын арттыра түсері сөзсіз. Ақпаратты «Бәйтерек» баспасөз орталығы таратып отыр.