Artsport бағдарламасы жаңа форматта жалғасады - министр

«Artsport» бағдарламасы жалғасады, бірақ жаңа форматта. Өткен жылы ережелері қабылданды. Әр өңір «Artsport» бойынша өз бағдарламасын әзірлейді», - деді Асхат Оралов Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап бере тұрып.
Министрдің айтуынша, спорт салалары бойынша шешілуі тиіс бірқатар мәселе бар.
«Мәдениет, спорт және туризм саласына қатысты мәселелерді шешуде бар тәжірибем мен күш-жігерімді саламын. Аталған салаларға қатысты өзекті мәселелер баршылық. Оның мән-жайын пысықтап, анықтау қажет. Ұсыныстар болса тыңдауға дайынбыз», - дейді ол.
Еске салсақ, былтыр Мәдениет және спорт министрлігі «Artsport» бағдарламасы жабылады деген ақпаратты жоққа шығарған еді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Асхат Оралов боттармен жұмыс істеуге қатысты өз пікірін білдірді.