Әртістік жүзу: Әлем кубогының суперфиналында ел намысын кімдер қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM — Торонто (Канада) қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының суперфиналы өтеді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасының сапында 13 спортшы өнер көрсетеді.
Төменде ұлттық құраманың құрамы ұсынылған.
— Виктор Друзин
— Алдияр Рамазанов
— Ясмин Туякова
— Даяна Джаманчалова
— Виктория Столбунова
— Наргиза Болатова
— Ясмина Исламова
— Әйгерім Құрманғалиева
— Карина Магрупова
— Ксения Макарова
— Полина Мерзлякова
— Анна Павлецова
— Жаклин Якимова
Жарыс 19-21 маусым аралығында өтеді.
Бұған дейін Испанияда әртістік жүзуден Қазақстан қоржынына екінші жүлде түскенін жаздық.