Артур Абрахам WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылды
АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - Шыққан тегі армяндық неміс спортшысы Артур Абрахам 76,2 келіге дейінгі салмақ санатында Бүкіләлемдік бокс ұйымы нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Германияның Магдебург қаласында өткен 12 раундық титулдық жекпе жекте ол германиялық Роберт Штиглицке 4 раундта техникалық нокаутпен есе жіберді.
Осылайша өткен жылдың тамызында Абрахамға ұпай санымен ұтылған Штиглиц есе қайтарды. Айта кетерлігі, Абрахам бұған дейін чемпиондық белбеуін француздық Мехди Буадладан қорғап қалған болатын. Ол 2006-2009 жылдары 72,6 келі салмақ санатына дейін Халықаралық бокс федерациясының әлем чемпионы атағын иеленіп, оны 11 мәрте қорғаған болатын.