Артық салмақтан арылтатын шырын түрі белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорния университетінің мамандары жүргізген зерттеу кезінде майлы тамақты көп жеген жағдайда грейпфрут шырынын ішсе, салмақтың бестен бір бөлігінен арылтатынын анықтады.

Артық салмақтан арылтатын шырын түрі белгілі болды

Голливудтық деп аталатын грейпфрут диетасын 1930 жылдан бері танымал жұлдыздар соның ішінде әнші Кайли Миноуг қолданылып келеді. Бұл диетада әр тамақтанған соң грейпфрут жеу керек немесе оның шырынын ішу қажет.

Ғалымдар тышқандарға зерттеу жүргізген. Олар үш ай бойы тышқандарға майлы тамақ беріп, бір тобына тамақтан соң су, екінші топқа грейпфрут шырынын берген. Нәтижесінде грейпфрут шырынын ішкен тышқандар тобы 18 пайызға дейін артық салмақтан арылған. Сондай-ақ ғалымдар грейпфрут қандағы қант деңгейін бақылайтынын анықтады.

Тәжірибе тышқандар арасында жүргізілгеніне қарамастан зерттеушілер бұл диетаның адамдарға да әсер ететінін айтуда.