Арықтан жаңа туған нәресте табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте жаңа туылған нәрестені арыққа тастап кеткен. Бұл туралы ҚырғызТАГ хабарлады.

 Арықтан жаңа туған нәресте табылды

Милицияның деректеріне сүйенсек, сағат 16.00 шамасында Коллектор көшесі бойынша арықтардың бірінен жаңа туылған нәрестенің мәйіті табылды.

«Ер баланы туылған бойда арыққа тастап кеткен, тіпті кіндігі де кесілмеген. Сараптама баланың ай-күні жетіп туылғанын анықтады», - деп хабарлады милициядан.

Аталмыш факті бойынша тергеу басталды.