Арықтау үшін тыныштықта тамақтану керек - Диетологтар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арықтау үшін тыныштықта тамақтану керек. Адам тамақ шайнағанын есту керек. Бұл дыбыс қанша тамақтанғанын анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлады америкалық ғалымдар.

Арықтау үшін тыныштықта тамақтану керек - Диетологтар

Олар еріктілердің қатысуымен зерттеу жүргізді. Тәжірибе барысында мамандар адамдар қатты музыка тыңдап отырып тамақтанған адамдар мен тыныштықта тамақтанғандарды салыстырды. Белгілі болғандай, музыка тыңдап отырғандар екінші топқа қарағанда көбірек тамақ жеген, деп жазады шетелдік БАҚ.