Арыс аумағындағы радиациялық, биологиялық ахуалға мониторинг нәтижесі жария етілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыс қаласының аумағындағы радиациялық, биологиялық ахуалға толық мониторинг жүргізілді. Бұл жайында ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Биылғы жылдың 27 маусымында ҚР Қарулы күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық барлау тобы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Шымкент қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірге Арыс қаласының аумағындағы радиациялық, биологиялық ахуалға толық мониторинг жүргізді. Өлшеу барысында радиациялық фонның орташа мәні сағатына 0,13 мкзивертті құрады. Уландыратын және қатты әсер ететін заттар табылған жоқ", - делінген министрлік хабарламасында.