13:38, 01 Қазан 2019 | GMT +5
Арыс гарнизонының әскери қызметшілері тыл ардагерін қарттар күнімен құттықтады
АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы Арыс гарнизонының әскери қызметшілері тыл ардагерін қарттар күнімен құттықтады. Жарылыс болған қалада оқ-дәрі фрагменттерін жою жұмыстарын орындап жүрген әскерилер қарбалас жұмыстарына қарамастан Қарабек Қонысовтың үйіне барып, сыйлық табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Арыстық қария әскерилермен кездесуде соғыс кезіндегі естеліктерімен бөлісіп, әскери қызметшілерге өзіне көрсеткен құрметтері және құттықтаулары үшін алғысын білдірді. Жылына бір келетін мерейлі мейрам күні ел ағасының жанын жадыратып, кезекті мәрте марқайтып тастады. Елі үшін еткен еңбегінің жемісін бүгін көріп отырған зейнеткердің бұл басқосудан біраз демалып, бір жасап қалғаны сөзсіз. Айта кетейік, 1931 жылы Арыс қаласында дүниеге Қарабек Қонысбек он жеті жасында тыл майданына аттанған. Жастайынан сұрапыл соғыс кезінде теміржолда қызмет етті. Ұлы Отан соғысынан кейінде осы салада абыроймен қызмет еткен қария, қазіргі уақытта құрметті зейнетте. Сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақал алты баладан немере-шөберелерін бағып отыр.


