Арыс қаласына таяуда газ тартылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында Темірлан елді мекенінен Арыс қаласына дейін жоғарғы қысымды магистралдық газ құбыры тартылғаны белгілі. Бүгін осы құбырды Арыс қаласының негізгі газ құбырына қосу шарасына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек тұрғындарды «көгілдір отынмен» қамту мәселесі үнемі басты назарда тұрғанын атап өтті. 

«Елбасының «5 әлеуметтік бастама» атты үндеуіндегі 5-бастамаға сәйкес, қалаға газ құбырын тарту - аса маңызды әрі көптен күткен тарихи оқиға. Облысымыздағы қалалар мен аудандарды газбен толық қамтамасыз ету үшін «Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ» магистральды газ құбыры тартылды. Осы құбырдан Арыс қаласына да газ жеткізіледі», - деді қала әкімі.
Арыс қаласын «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету 3 кезеңнен тұрады. Яғни, 2018 - 2025 жылдар аралығында тиісті жұмыстар жүргізіліп, арыстықтар табиғи газбен толық қамтылады деген жоспар бар.

null

Соңғы жаңалықтар