Арыс қаласынан тағы 145 бала Ақмола облысының демалыс лагерьлеріне келді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Арыс қаласынан тағы 145 бала Ақмола облысының демалыс лагерьлеріне келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Көкшетау теміржол вокзалы перронынан оларды Ақмола облысытық білім басқармасының қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қарсы алды. Төтенше жағдай орын алған Арыстан жеткен бұл жолғы 145 бала мен 17 жетекшісі бірнеше топқа бөлініп, Шалқардағы Ақмола облысының білім басқармасына тиесілі «Чайка» және Зеренді ауданындағы «Аврора-Гарден» демалыс лагерьлеріне жіберілді.

«Шілде айының басынан бері Ақмола облысында арыстық 245 бала демалды. Бүгін балалардың үшінші тобы келіп отыр. Олар жиырма күн бойы, өңіріміздің әсем табиғатын тамашалап, саф ауасымен тыныстайтын болады», - дейді Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова.




Аслан Оспанов.