Арыс қаласында мерекелік шаралар жалғасуда

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн аясында қалалық «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №2 бастауыш мектебінде «Біз- Тəуелсіз Қазақстанның болашағымыз!» тақырыбында патриоттық кеш пен қаладағы И.Журба атындағы жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылар арасында «Тəуелсіздік-елімнің мақтанышы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Арыс қаласында мерекелік шаралар жалғасуда

Кештің мақсаты Қазақстанның тарихы туралы зердемізді қайта парақтап, жаңаша ой түйіндеу. Жас ұрпақтың ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойын ортаға салуға, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тəрбиелеу болып табылады.

Аталған кеште оқушылар Тәуелсіздік тақырыптарында тақпақтар айтып, патриоттық әндерден шашу-шашып, мың бұрала би биледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай қаладағы И.Журба атындағы жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылар арасында «Тəуелсіздік-елімнің мақтанышы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты өскелең ұрпақтың ел тарихын тереңінен түсінуіне ықпал жасау, ұлттық сана-сезімін ояту, білімдерін шыңдаумен қатар Отанымызға деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылады. Оқушылар еліміз туралы танымдық білім деңгейлерін көрсетіп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өз білімділіктерін көрсетті.