Арыс қаласында жаңа көпір ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Таяуда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Конституция күніне және Арыс қаласының 60 жылдық мерейтойларына орай Стадион тұрғын ауданында жергілікті тұрғындар үшін көпір пайдалануға берілді.

Арыс қаласында жаңа көпір ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көпірдің салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі С. Ертай, қала әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты түрде ашылған көпірдің лентасын қала әкімі С.Ертай және Арыс қалалық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Б.Исламбеков қиып ашты.

Айта кетейік, көпір құрылысын бас мердігер «СК»ДАР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Көпірдің жалпы ұзындығы 63 метр, ал ені 4 метр. Салтанатты ашылу рәсімі үшін қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті.

Стаистикалық мәліметтер бойынша Арыс қаласында  2016 жылдың 6 айына құрылыс жұмыстарының көлемі 876,6 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 100% орындалды. Алғашқы жарты жылдықта 494,2 млн. теңгеге 10545 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды.