Арыс қаласының әкіміне мемлекеттік сатып алулар кезінде пара алды деген айып тағылып отыр
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
М.Жұманбайдың атап көрсеткеніндей, лауазымды тұлғаларға мемлекеттік сатып алулар кезінде пара алды деген айып тағылып отыр. Мәселен, Арыс қаласының әкімі мен осы әкімшіліктің құрылыс бөлімінің бастығы алдын-ала сөз байласу арқылы жаупкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің директорынан 2500 АҚШ доллары көлемінде пара алған. Өз кезегінде олар Арыс қаласында жалпы құны 81 миллион теңгеге балабақшаны салу бойынша бұған дейін жасалған келісім-шарттың жобалық-сметалық құнын арзандатуға тиіс болған.
Сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы қамауға алынды. Оған мемлекеттік тапсырыс аясында салынған ғимаратты қабылдап алу үшін 200 мың теңге сомасында пара алды деген айып тағылды.
«Сонымен қатар, Ақмола облысындағы «Бурабай» мемлекеттік табиғат паркінің Золотоборск орманшылығының орманшысы Ж. Серікбаев 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол К. деген азаматтан мемлекеттік сатып алу аясында дайындалған ағаштарды оған сеніп тапсырылған орман шаруашылығынан кедергісіз шығаруы үшін 100 мың теңге көлемінде пара алған», - деді ол.