Арыс тұрғындарына барлық облыс, ең алдымен Үкімет көмектеседі - ҚР Президенті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасынан шыққан жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кездесіп, барлық мәселені жеке өз бақылауына алғанын айтты.

Мемлекет басшысының тұрғындармен кездесу сәті бейнеленген видео материалды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің тапсырмам бойынша барлық облыс, ең алдымен Үкімет көмектесетін болады. Балаларға қатысты айтар болсам, қазірдің өзінде екі облыс - Ақмола мен Павлодар облыстары балаларды бастарынан өткерген осынау қорқынышты сейілтіп, демалуы үшін жазғы маусымда өздерінде қабылдауды ұсынып отыр. Сәл-сәл шыдаңыздар, бәрі дұрыс болады. Бұл мәселелердің барлығын жеке өзімнің бақылауыма аламын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар