Арыста 5776 үйді қалпына келтіру бойынша негізгі жұмыстар аяқталды

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыста 31 шілдеге қарай 5776 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның ішінде 2529 үйге әрлеу жұмыстарын жүргізу жалғасуда,-деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Арыста 5776 үйді қалпына келтіру бойынша негізгі жұмыстар аяқталды

Қаланы 17 сектор бойынша 7,7 құрылысшылар қалпына келтіруде. Бүгінгі таңда жұмысшылар 4 көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға тапсырды, тағы да 17 көп қабатты үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, онда әрлеу жұмыстары ғана қалып отыр.

Арыс қаласын қалпына келтіруге еліміздің барлық өңірлері, сондай-ақ республикалық маңызға ие қалалар да өз үлестерін қосуда. ТЖ орын алған алғашқы күннен бастап құрылыс жұмыстарына бақылау және мониторинг жасауды министрліктің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жүргізуде.