Арыста азық-түлік жәрмеңкесі өтті

АРЫС. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Арыс қаласының орталық алаңында жергілікті тұрғындарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Арыста азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеге 50-ге жуық тауар өндіруші, 180 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері қойылды. Өнімдер қала тұрғындарына базар нарқынан 30 пайызға төмен бағада ұсынылды.

Жәрмеңкеге жеткізілетін өнімдер барлық аудан, қалалардың даму басымдықтарына сәйкес өндіріліп, жинақталған.

Айта кетерлігі, жәрмеңкеге жеткізілген ет және ет өнімдерінің жалпы көлемі - 22,5 тонна, көкөністің жалпы көлемі - 54,5 тонна, сүт өнімдерінің жалпы көлемі - 24,4 тонна, бақша өнімдерінің жалпы көлемі - 41 тонна, жеміс-жидектің жалпы көлемі - 16,7 тонна, әселдің көлемі - 2 тонна, балықтың көлемі - 5 тонна.

Бұдан бөлек, жәрмеңкеге облысқа танымал өнерпаздар қатысып, арыстықтарға концерттік бағдарлама ұсынды. Алдағы уақытта жергілікті тұрғындарға арналған жәрмеңке жалғасын табады.

null null null null null null null null