Арыста полицейлер жоғалған жылқыларды бір күн ішінде тауып берді
АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, түнгі уақытта 1,5 жасар екі жылқысы қорадан шығып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Арыс учаскелік полицейлері ауыл-аймақты түгел тексерді. Қыстаулар мен қораларды мұқият қарап шықты.
Нәтижесінде полицейлер бір тәулік ішінде екі бас жылқыны 6 шақырым жердегі ауылдың жайылым жерінен табады.
Ауа райының қолайсыздығы мен қалың тұманға байланысты жылқылар жолдан адасып, ауылдан ұзап кеткен.
Осылайша жоғалған жылқылар иесіне тапсырылды. Мал иесі жедел әрекет етіп, ірі қарасын тауып берген полиция қызметкерлеріне рақметін айтты.