Арыста «Тәуелсіз елім - ұлы өлкем» атты салтанатты шара өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында «Тәуелсіз елім - ұлы өлкем» тақырыбында салтанатты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Арыста «Тәуелсіз елім - ұлы өлкем» атты салтанатты шара өтті

Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма бес жылы ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Ғасырлар бойы бабалар армандаған тәуелсіздіктің туы көкте желбіреп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгелденіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. 

Осы мақсатта, бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн акциясы аясында Арыс қаласындағы №17 Кәсіптік колледж студенттерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елім - ұлы өлкем» тақырыбында салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Шараның мақсаты - болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу болып табылады. Аталған салтанатты кеште колледж студенттерінің қолдарынан шыққан тұрмысқа қажетті бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, жиналған көпшілікке қолжетімді бағада сатылды.

Салтанатты жиында Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық өркендеп дамуына және қоғамдық өміріне белсене қатысқан колледж қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Мерекелік іс-шара барысында колледждің өнерге бейім студенттері жұртшылыққа Тәуелсіздік тақырыптарында театрландырылған көріністер қойып, концерттік бағдарлама ұсынды.