Арыста жарақат алған 8 жасар бала көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы Арыстағы оқиға кезінде көлік астына түсіп, елрдадағы №2 ауруханаға жеткізілген Аян Шәріпбаевтың қайтыс болғанын растады, деп хабарлайдыҚазАқпарат тілшісі.

«Аян Шәріпбаевтың қайтыс болғанын растаймыз. Әзірге одан басқа ешқандай мәлімет бере алмаймыз», - делінген басқарманың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Еске салсақ, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Арыс апаты кезінде көлік астына түсіп, ауыр жарақат алған Аян Шәріпбаевтың жағдайы өзгеріссіз екенін, тіпті шетелдік нейрохирургтарға көрсеткенін айтқан болатын.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Аян Шәріпбаевты шетелдік мамандар да қарағанын, алайда жағдайы нашар жатқанын мәлім еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар