Арыстағы «Қазпошта» бөлімшелері штаттық режімде жұмыс істейді

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласындағы «Қазпошта» АҚ-ның барлық бөлімшелері 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап штаттық режімде жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арыстағы «Қазпошта» бөлімшелері штаттық режімде жұмыс істейді

Айта кетсек, Арыс аудандық пошта байланысы торабына 3 пошта бөлімшесі кіреді. Арыстағы орталық операциялық учаскедегі жөндеу жұмыстары аяқталып, терезелер ауыстырылып жатыр.

Барлық бөлімшелер мен банкоматтар штаттық режімде жұмыс істейді. Халыққа барлық қызметтер көрсетіліп жатыр, оның ішінде зейнетақыны/жәрдемақыны беру. Арыс қаласының орталық операциялық учаскесінде тұрғындарға қызмет көрсететін 6 терезе бар, күніне орташа есеппен 300 адамға қызмет көрсетіледі.