Арыстағы жарылыс: Тағы бір адамның мерт болғаны хабарланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыстағы жарылыс салдарынан тағы бір адам қаза болды. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Үкімет отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев оқиға орнында болып, төтенше жағдай бойынша нақты тапсырмалар берді. Барлық тиісті шаралар ұйымдастырылуда. Арыс қаласының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Өкінішке қарай, екі адам - азаматтық тұлға және әскери қызметкер қаза тапты. Осы орайда, олардың туған-туыстарына көңіл айтамыз. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан бір адам мерт болды.

Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.

Соңғы жаңалықтар