Арыстан 100 бала жазғы демалысын Түлкібаста өткізеді

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Арыстық 100 бала жазғы демалысын Түлкібас ауданының лагерлерінде өткізетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыстан 100 бала жазғы демалысын Түлкібаста өткізеді

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен жеткіншектер Машат шатқалындағы «Бекзат Саттарханов» және Машат ауылы маңында орналасқан «Арман-1» лагерлерінде үш ауысыммен демалады.

Қазіргі таңда аталған лагерьлерде Арыстан 20 бала демалуда. Демалумен қатар, оқу және сауықтыру да қаралған. Сондай-ақ, демалушы балалардың көңілін көтеру мақсатында әр күнге арнайы шаралар бекітілген. Таулы ауданның таза ауасымен демалған кішкентай арыстықтар өз үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен қайтады деп күтілуде.