Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған топ Жаңа жылды марафонмен қарсы алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Жаңа жыл мерекесін Астанада марафонмен қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған топ Жаңа жылды марафонмен қарсы алды

«Достарым, Жаңа жылғы жүгіру осылай өтті! Жаңа жыл құтты болсын! Баршаңызға бақыт тілеймін!», - деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбуктегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлы 2019 жылды марафонмен қарсы алуға шақырған еді. Нақтырақ айтқанда, министр бастаған топ Бәйтерек маңынан «Хан Шатыр» ОСО-ға дейін жүгіріп өтеді. Қатысушылар бірнеше шақырымды «Сулы-жасылды» желекжолы арқылы еңсереді.