Арыстанбек Мұхамедиұлы елдегі Рим-Католиктік шіркеуін діни мерекелеріне орай құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елдегі Рим-Католиктік шіркеуінің басшылығына Пасха мерекесін тойлауға орай құттықтау хатын жолдады.
Өзінің құттықтау хатында Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанның католиктік қауымына сүйіспеншілікпен қарауға түрткі болатын, жақсылық қағидаттары негізінде жеке және әлеуметтік өмірді құруға, өзара құрмет пен әділдікті, ұлттар арасында конфессия аралық келісім мен бейбітшілікті қалыптастыратын ізгі және жарқын Пасха мейрамымен құттықтады.
Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрі Қазақстанның католиктік қауымының өзге дін мен конфессия өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орната отырып, азаматтық татулық пен конфессияаралық келісімді, қазақстандықтардың патриотизмі мен рухани білімін нығайтуда елеулі күш салатынын атап өтті.
Құттықтау сөзін түйіндей келе, А. Мұхамедиұлы барша католиктік қауымына зор денсаулық және Қазақстанның игілігі үшін қызмет атқаруында рухани күш тіледі.