Арыстанбек Мұхамедиұлы: Мемлекет пайдасына лотереядан ұтылу қынжылтатын iс емес
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лотерея қызметiн мемлекет реттейтiн болса, әрбiр қазақстандықтың лотереяда жеңiлген ақшасы мемлекет қажеттiлiгiне жұмсалатын болады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлiм еттi.
«Қазiргi уақытта елде лотерея қызметiмен 70 оператор айналысады. Халықтың басым бөлiгi лотерея қызметiмен айналысуға құлықты емес. Себебi көп нәрсесi түсiнiксiз. Сыйақы қоры да соншалықты көп емес. АҚШ-та мәселен 100 млн. доллар ұтып жатады. Кеше ғана бiр америкалық 365 млн. доллар ұтқанын естiдiк. Бiздiң елде ондай сенiмдiлiк жоқ», - дедi ол бүгiн мәжiлiсте лотерея қызметiне қатысты жаңа заң жобасын талқылау барысында.
Оның айтуына қарағанда, лотерея қызметiн мемлекет реттейтiн болса, әрбiр қазақстандық лотереяда жеңiлген ақшасының мемлекет қажеттiлiгiне жұмсалатындығын бiле жүретiн болады.
«Лотереяға мемлекеттiк реттеу не үшiн қажет?! Әр iр қатысушы оның ақшасы мемлекеттiк қажеттiлiктерге, әлеуметтiк салаларға және мемлекет пайдасына түсетiнiн бiлетiн болады. Қазiр жеңiлген ақшасы жеке тұлғаның қалтасына кететiнiн түсiнедi. Сондықтан қазақстандықтар лотереяның бiр бөлiгi бюджеттi толтыруға бағытталғанын бiлсе, сенiмдiлiкпен қарар едi», - дедi министр.