Арыстанбек Мұхамедиұлы үздік дзюдошылар мен бапкерлерді марапаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты аясында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы үздік дзюдошылар мен бапкерлерді марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыстанбек Мұхамедиұлы үздік дзюдошылар мен бапкерлерді марапаттады

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әлем чемпионы Максим Раков пен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқановты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен марапаттап, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжановтың жеке бапкері Айдар Қайырбаевқа ҚР «Еңбек сіңірген жаттықтырушысы куәлігін, Жакартада өткен Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамзаның әкесі және жеке бапкері Марат Файзиевке ҚР «Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» куәлігін, жақында ғана Әзербайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжановқа ҚР «Еңбек сіңірген спортшысы» куәлігін табыстады.

Сондай-ақ, жарыстың ресми ашылуы барысында дзюдодан әлем чемпионы Максим Раков пен дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов кәсіби спортпен ресми түрде қоштасқанын мәлімдеді.

Қазақстан чемпионатының бірінші күнінде татами шеберлері 4 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады. Ерлер -60 кг, -66 кг салмақ дәрежесінде белдессе, әйелдер -48 кг, -52 кг салмақ дәрежелерінде күресті.

Назарларыңызға дзюдодан Қазақстан Республикасы чемпионатының бірінші күнгі нәтижесін ұсынамыз:

Әйелдер:

- 48 кг

1.Абиба Абужақынова (Алматы облысы)

2.Ақмарал Науатбек (Астана қаласы)

3.Ұлдана Сайыл (Шымкент қаласы)

3.Cалтанат Сұлтанбекова (Қызылорда облысы)

- 52 кг

1.Әйгерім Әбілқадірова (Астана қаласы)

2.Ақжол Қайыпхан (Атырау облысы)

3.Ақмарал Ерназар (Жамбыл облысы)

3.Айдана Бугылбаева (ШҚО)

Ерлер:

- 60 кг

1.Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы)

2.Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы)

3.Рустам Ибраев (Ақтөбе облысы)

3.Нұр Аманшүкіров (Жамбыл облысы)

- 66 кг

1.Әбілхайыр Мәуленин (Алматы облысы)

2.Шадияр Қуандық (Түркістан облысы)

3.Есет Қуанов (Ақтөбе облысы)

3.Ерлан Жақсыбеков (Қызылорда облысы)

Естеріңізге сала кетсек, Астана қаласы «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Астана қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылған ел біріншілігі 16 қарашаға дейін жалғасады. Жарыстың іріктеу кезеңдері күнде 10:00-де, ал финалдық кезең 16:00-де басталады.