Арыстанбек Мұхамедиұлы Юлия Галышеваны құттықтады

АСТАНА - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы могулшы Юлия Галышеваны Олимпиада ойындарының қола медалімен ресми түрде құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Юлия Галышеваны құттықтады

«Сізді XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының алтынға бергісіз қола медалімен құттықтаймын. Әлемнің ең мықты деген спортшыларымен сайысқа түсіп, ел намысын қолдан бермедіңіз. Өзіңіздің жарқын жеңісіңізбен спортсүйер қауымды бір серпілтіп тастадыңыз. Қазақ елі сізді мақтан тұтады! Жеңісті жолыңыз жалғасын тапсын. Сізге алдағы уақытта да мол табыс тілеймін» деп жазды министр әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ, министр өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақстандықтарды алғашқы медалімен құттықтады.  

Айта кетейік, Юлия Галышева 77.40 нәтижесімен Олимпиаданың қола медалін жеңіп алды. Екінші орынды канадалық Жюстин-Дюфор-Лапонт иеленсе, алтын француздық спортшы Пьеррин Лаффонттың еншісінде.

Естеріңізге салайық, бұл қазақстандық фристайл тарихындағы алғашқы олимпиада медалі.
null null null null 
null  

Фото: ҚР ҰОК