АРЫСТАНБЕКОВ ТАУТАН

Арыстанбеков Таутан (1897-1975) қоғам қайраткері, Қазақ жастарының демократиялық кеңесі ұйымын құрушылардың бірі.
None
None

Қазіргі Қостанай облысында (бұрынғы Торғай облысы Қостанай уезі Обаған болысы) туған.

Боровскийдегі 2-сыныптық орыс-қазақ училищесін бітіріп, Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған.

«Бірлік» қоғамының жұмысына белсене қатысқан.

1917 жылыдың аяғында С.Сейфуллиннің ықпалымен Т.Арыстанбеков, Ж.Садуақасов, Ә.Досов, Х.Жүсіпбеков «Бірлік» қоғамынан бөлініп шығып, «Қазақ жастарының демократиялық кеңесі» атты ұйым құрған. Жаңа ұйымның төрағалығына Таутан Арыстанбеков сайланады.

1918 жылы көктемде үгіт-насихат жұмысын жүргізгендігі үшін абақтыға қамалады. 1918-1923 жылдары Қостанай өңірінде мұғалімдік қызмет атқарады.

1921 жылы Қазақстан Кеңестерінің ІІ съезіне қатысып, Қазақ АКСР-і Орталық комитетінің мүшесі болады.

1923-1924 жылдар аралығында Орта Азия мемлекеттік университетінің заң факультетінде бір жыл оқыған.

1924-1926 жылдар аралығында Қостанай округтік прокурорының орынбасары, округтік халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, 1927-1928 жылдар аралығында Қазақ АКСР-і Заң халық комиссариатының прокуроры, Сырдария губерниялық сотының төрағасы қызметтерін атқарған.

1937 жылы С.Сейфуллиннің жақын адамы ретінде он жылға сотталады. 1947 жылы мүгедек болып елге оралғанымен, 1948 жылы қайтадан Краснояр өлкесіне жер аударылады. 1957 жылы толық ақталған.

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 1 том

Соңғы жаңалықтар