Арыстанның үш бірдей аланын сүтпен асырап жатыр
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Украинадағы хайуанаттар бағында арыстанның үш аланы туылды.
Оңтүстікафрикалық ақ арыстанның үш бірдей баласының дүниеге келуі сирек кездесетін жайт, деп хабарлайды 24 KZ .
Оларды суықтан қорғау үшін саябақ қызметкерлері арыстаннан ажыратып, жылы жерге орналастырып, құмырадағы сүтпен тамақтандырып жатыр. Қазір тұтқында отырған елдің бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенкоға осыдан үш жыл бұрын тарту етілген танымал Тигрюлия жолбарысы осы Ялтадағы хайуанаттар бағында.