«Арзан» дүкендер желісі алматылықтардың арасында танымалдылыққа ие

АЛМАТЫ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – «Біз «Арзан» дүкендер желісін іске қосқанда қала тұрғындарының сенімін ақтауды және шаһардағы ең сұранысқа ие дүкендердің біріне айналуды мақсат еттік.
None
None
Осы мақсатқа қол жеткіздік деп есептеймін: бір айдағы сатып алушылар саны 400 мың адамға жетеді. Басқаша айтқанда, қала тұрғындары бізден айына 6000 тонна азық-түлік өнімдерін және 11 млн дана шаруашылық тауарларын сатып алады», - деді «Көтерме клубы» компаниясының бас директоры Берік Тәпішев журналистермен болған кездесуінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Осы кездесуде «Арзан» дүкендер желісінің ашылған кезеңі ? 2008 жылдың жазынан қазіргі уақытқа дейінгі аралықтың қорытындысы баяндалды. Компания өкілдері Қазақстанның ритейлік нарығының ахуалы жайында әңгіме қозғады, осы саланың келешектегі даму болжамдарымен бөлісті және «Арзан» дүкендер желісінің баға қалыптастыру ұстанымдары туралы ақпараттар берді. «Көтерме клубы» компаниясы 2005 жылы құрылған және «Raimbek group» азық-түлік холдингінің құрамына кіреді. Компания мақсаты ? қарапайым тұтынушыларға арналған ең арзан баға бойынша тауарлар тарататын ұлттық желі құру. «Көтерме клубы» ұсынған екі форматты дүкендер желісі Қазақстанның онға жуық қаласында бар.
Соңғы жаңалықтар