12:20, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Арзан тауарлардың отандық өндірушілерге өз әсерін тигізетіндігін ескеру қажет ? В.Школьник
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Еліміздегі азық-түлік нарығын бүгіннен бастап молайту қажет.
Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен селекторлық кеңесте ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.2009 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап елімізге әкелінетін аса маңызды азық-түлік түрлері бойынша төмендетілген салық мерзімі аяқталатындығы туралы атап өткен министр осы орайда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аталған салықты ұзарту немесе көтеру мәселесі бойынша тиісті ұсыныстар жасау қажеттігін жеткізді. «Бұл жерде елімізге импортталатын арзан тауарлардың отандық өндірушілерге өз әсерін тигізетіндігін ескеру қажет», - деді В.Школьник.