Арзанға көлік алмақ болған жамбылдық алаяққа 11 млн теңгесін беріп қойды

МЕРКІ. ҚазАқпарат – Арзанға көлік алмақ болған Жамбыл облысының тұрғыны алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
None

Жамбыл облысы Меркі ауданының полиция бөліміне 40 жастағы жергілікті тұрғын алаяққа алданып қалғаны туралы шағымданған. Айтуынша, өткен жылдың шілде айында өзінің танысы Toyota Hilux автокөлігін арзан бағаға сатып алуға көмектесуге уәде беріп, одан 11 743 700 теңге алған. Алайда 9 айдан кейін уәде етілген көлікті де, ақшаны да алмаған.

«Облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген полиция хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар
Референдум